Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология министрі Алматыдағы Sulpak ғимаратының алдындағы ағаштарды кесіп тастау мәселесін түсіндірді

Алматыдағы ағаштарды кесіп тастау дерегіне қатысты экология министрі Мағзұм Мырзағалиев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Барлығымыз Алматыдағы ағаштарды кесу фактісіне куә болдық. Бұл қоғамның наразылығын тудырды. Мұндай фактілерге жол беруге болмайды!" - деп жазды қоршаған орта министрі өзінің твиттерінде.

Ол қазір бүкіл ел бойынша атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын, Экокод қабылданып жатқандығын, Президент 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу туралы ауқымды міндет қойғанын атап өтті. 

Министр биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен заңнамаға ағаштарды кескені үшін жазаны қатаңдату туралы түзетулер енгізілгенін еске салды. 

Мағзұм Мырзағалиев барлық азаматтарды еліміздің табиғи байлықтарын күтуге шақырды.

"Бір үлкен ағашты өсіру үшін ондаған жылдар қажет. Біздің болашағымыздың қандай болатындығы бізге байланысты, оның ішінде біздің жалпы экологиялық мәдениет деңгейіне де байланысты", - деп қорытындылады министр.

Талқылау