Екібастұз жылу-электр орталығының учаске басшысының мәйіті табылды
Екібастұзда гараждардың бірінlе жергілік жылу-электр орталығы учаскесінің басшысы өлі күйінде табылды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екібастұздағы жылу орталығы қызметкерінің өлімі туралы ақпарат 5 қарашада Instagram желісінде тарады. 33 жастағы жылу-электр орталығының учаске басшысысының мәйіті гараждардың бірінде тұрған ВАЗ-21099 көлігінің салонынан табылғаны туралы айтылған. Ал мәйітте "зорлық іздері болмаған".
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС көз жұмған азаматтың Екібастұздағы жылу-электр орталығында учаске басшысы болып жұмыс істегенін растады. Дегенмен марқұмның аты-жөнін атамады.
"4 желтоқсан күні "Екібастұз жылу энергиясы" ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады", – деп мәлімдеді кәсіпорын өкілдері.
Қазір Екібастұз полициясы тексеріс жүргізіп жатыр.