Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз қыздарымен бірге елбасының әнін шырқаған Кенжебек жұртты сүйсіндірді (видео)

Желіде Кенжебек Жанәбіловтің егіз қыздарымен бірге ән шырқаған видеосы пайда болды. Бейнежазбада “Музарт” тобының әншісі қос құлыншағымен бірге елбасы Назарбаевтың сөзіне жазылған “Үш қоңыр” әнін домбыраның сүйемелдеуімен шырқауда, деп жазады Stan.kz.

“Алла тіл көзден сақтасын”, “Қыздарыңыздың даусы керемет”, “Өзіңізден аумай қалыпты”, “Қанда бар деген осы ғой”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Кенжебек бұған дейін де егіздердің өнерге құмартып жүргенін айтқан еді. Алайда жұлдызды әке перзенттерінің әнші болғанын қаламайтын көрінеді. Бұл туралы “Музарттың” серісі бірнеше рет айтқан болатын.

Айта кетейік, ел арасында кеңінен таралып кеткен әннің әуенін композитор Алтынбек Қоразбаев, ал сөзін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова өзінен аумайтын қызды клипке түсірді (видео)

Бөксесі мен аяғын кезек көтеріп билеген Меруерт Түсіпбаеваның биі желіде шу болды (видео)

Алтынбек Қоразбаев: Төреғали мені тиын-тебенге айырбастап кетті

Хикаяның жалғасы: Төреғали мен Мөлдір Мейрамбектің тағы бір әніне клип түсірді (видео)

Талқылау