Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық миллиардер Джек Ма Абайдың өлеңін оқыды (видео)

Джек Ма Абайдың өлеңін оқыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық Джек Ма Абайдың өлеңін оқыды (видео)

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңін қытай тілінде жатқа оқыған Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушысы жұртты таңдандырған. 

Джек Ма бұл эстафетаны ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтан қабылдағаны туралы Қазақстанның Қытайдағы елшілігі хабарлайды.

Бейнежазбада қытайлық миллионер Абай Құнанбайұлының аруағын ұлықтап, ақынның жырын әсерлі етіп оқыған.

«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін»,- деді Джек Ма.

"Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңін оқыған Джек Ма бұл тізбекті белгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкинге жолдаған. 


Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяны >>>

Талқылау