Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянын Францияда түсіреді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянын Францияда түсіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Франция-Исландия. Жаңа бейнебаянның түсіріліміне ұшып барамыз", - дейді Димаш Құдайберген.
Мұны көрген желідегі жұрт әдеттегідей әншіге ақ жол тілеп, ақ жарма сөздерін жаудырған. Олар Димаштың жаңа туындысын асыға күтетіндерін жеткізді.
"Сәттілік тілеймін, Димашжан", "Естелікке толы, керемет түсірілім болсын", "Құрметті, Димаш! Біз жаңа туынды қай әнге түсірілетінін білгіміз келеді. Біз үшін сенің шығармашылықтағы әр қадамың қызық", "Димаш, сенің айтқан тосынсыйың осы ма, әлде тағы бірнәрсе күтейік пе", - деп пікір қалдырды жұрт.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"