AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог балдың кімдер үшін зиян екенін айтып берді

Диетологтардың ұлттық қауымдастығының мүшесі Наталья Круглова адамдарды балды абайлап тұтынуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының пікірінше, қант диабетімен ауыратын және артық салмағы бар, аллергиямен ауыратын адамдар үшін бұл өнімді көп мөлшерде пайдаланудан бас тартқан жөн.

"Бал қосылған қант, яғни оның калориясы кәдімгі қантқа өте жақын. Балдың мөлшерін бақылау маңызды, өйткені оның артық мөлшері жалпы диетаның калориясын арттырады", - деп түсіндірді Круглова.

Маман қант диабетімен ауыратын және артық салмағы бар науқастарға қантқа балама ретінде балға сенбеуге кеңес берді, өйткені оның құрамында калориялар мен қарапайым көмірсулар да бар.



"Оны қолдануға болады, бірақ өте аз. Күніне бір шай қасық, тамаққа, мысалы, сүзбеге немесе ботқа қосса болады", - деді ол.

Дәрігердің айтуынша енді жетіліп келе жатқан бүлдіршіндерге бал беру ұсынылмайды. Өйткені бұл оларда ішек ауруларының дамуын тудындатуы мүмкін.

"Бал ешқандай жолмен термиялық өңдеуден өтпейді. Иммундық жүйесі қалыптасқан балалар үшін балдың еш қауіпі жоқ. Алайда кішкентай бүлдіршіндерге оны бермеген жөн”,-деп қосты маман.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр