Диетолог әжімнің алдын алуға арналған әдістерімен бөлісті
Ресейлік диетолог, нутрициолог Ирина Писарева бет терісінің қартаюын тоқтататын әдісті атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ura.ru порталына берген сұхбатында ол құрамында қант бар тағамдардан бас тартса, бет терісі жақсаратынын айтты. Сонымен қатар, бұл артық салмақ пен қант диабетінің алдын алып, қан тамырларының жұмысын реттейді.
“Егер қант және құрамында қанты бар өнімдерден бас тартсаңыз, артық салмақтан құтыла аласыз. Өйткені қант денеге тек қысқа уақытқа энергия бере алады. Қантсыз тамақтар қант диабетінің алдын алып, қан қысымын реттейді. Қан тамырларының жұмысы жақсарып, ми мен жүректі оттегімен қанықтырады”, – деді маман.
Сонымен қатар нутрициолог тәтті жемейтін адамдардың бет терісінің түсі жақсырақ әрі әжімдердің аз болатынын айтты. Десе де қанттан толықтай бас тартуға болмайды, өйткені глюкоза ағзаға энергия береді, деп қосты маман.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады