Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Кәденнің бұрынғы жары: 4 жылдан бері бір жігітпен кездесіп жүрмін

Дидар Кәденнің бұрынғы жары Айым Алтынбекова сүйіктісінің бар екенін растады. Ол 4 жылдан бері сүйіктісімен кездесіп жүргенін айтты. Алайда жеке өмірі туралы елге жар салғысы келмейді. 

Бұл туралы Айым Алтынбекова желідегі парақшасында жазды. 

“Мен 18 жасымда тұрмыс құрдым. Ол кезде жас едім. Өткен өмірім үшін еш өкінбеймін. Ол маған айтарлықтай тәжірибе болды. Некеден қалған ең жақсы сый – ол Дияр. Егер менде дәл осы тәжірибе болмаса, мен қазіргідей күйге жетпес едім. Жобаларым болмас еді, бизнеске араласпас едім. Айым Алтынбекова болмас едім”, – деді ол. 

Айтуынша, жеке өмірінде де бәрі тұрақталған. 4 жылдан бері сүйген жаны қасында. 

“4 жылдан бері бір жігітпен кездесіп жүрмін. Ол өте мықты жігіт. Ол да мені сүйеді. Мен де оны сүйемін. Бақыт тыныштықты қалайды. Оны елге көрсетіп, суретін жария еткім келмейді. Қалада бірге жүргенімізді көріп те қалатын шығарсыздар. Ол мені еркелетеді, аялайды. Оның қасында өзімді жақсы сезінемін”, – дейді Алтынбекова. 



Ол өзінің көп уақытын отбасына арнайтынын, отбасын бірінші орынға қоятынын айтады. 

“Мен жұмыстың тығыздығына қарамастан үнемі отбасына уақыт бөлемін. Оны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Балама, туыстарыма, жақындарыма көңіл бөлемін. Табиғатым сондай. Ал неке куәлігі мен тұрмыста деген дәреже мен үшін маңызды емес. Бастысы өзімнің бақытым”, – дейді ол. 

Желі қолданушылары бақыт тіледі. 

“Бақытты болыңыз, сіз де бақытты болуға лайықсыз”, “Дидар үйленген соң айтып жатырсыз ба?”, “Бұған дейін айтпаған едіңіз ғой”, “Ешкім жалғыз жүрмейді ғой, бақыт тілеймін”, “Бәрі өз теңімен болса екен”, “Енді ажыраспаңыздар, балаңыздың қызығын көріңіздер”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Айым Алтынбекова актер Дидар Кәденнің бұрынғы жары. Ортақ бір ұлы бар. 

Талқылау