"Анам үшеуміз тұрамыз": Лидия Кәденованың ұлы отбасылық өмірі жайлы айтты
Екінші рет отбасын құрған Дидар Кәден отбасылық өмірі жайлы айтты. Ол үйлену тойының суретін көрсетіп, елді мазалаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дидар таңдаған арудың есімі – Лейла. Жас жұбайлар 2020 жылдың көктемінде, карантин кезінде танысқан.
1 жыл қыз-жігіт болып кездескеннен кейін, Дидар сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасапты.
Лейла Дидардан 5 жасқа кіші. Ол "Салтанат" Мемлекеттік би ансамблінің балет артисі.
"Мен – Қожамын. Лейла – Арғын. Анам үшеуміз бірге тұрамыз", – деп түйіндеді сөзін Дидар Кәден.
Айта кетейік, Дидар Кәденнің алғашқы некесі сәтсіз аяқталған. Дидар белгілі бьюти-блогер Айым Алтынбековамен (Aeka Posh) ажырасқан. Екеуінің ортақ Дияр атты ұлы бар.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды