Жұбайымен қайта қосылған Бейбіт Қорған фанаттарын қуантты
Жеке өміріндегі жағымсыз жайтты жұртқа жария еткен Бейбіт Қорған бұл жолы фанаттарын қуантты. Әнші отбасылық суретін жариялап, жұбайымен қайта қосылғанын аңғартты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көп ұзамай, Бейбіт отбасымен түскен суретін көрсетті.
"Ассалаумуағалейкум достар! Қалайсыздар? Бізде Астанада көптен күткен қар жауып жатыр. Сіздерде қалай?" – деп жазба қалдырды әнші.
Ал Instagram оқырмандары әншінің жұбайымен қосылғанын көріп, қуанып қалды.
"Келін екеуің бірге болсаңдар, қардан қорқыныш жоқ, көңілдерің суымасын", "Ура, молодцы, енді ренжітпеңіздер бір-біріңізді бағалаңыздар. Бақытты болыңыздар! Әдемі жарасымды жұп. Алла тіл көзден сақтасын", "Отбасы бақытын тілеймін", – деп жазды оқырмандар.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген