Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова Түркиядағы үйін 350 мың еуроға алған

Мәдина Сәдуақасова Аланиядан алған үйі туралы айтты. Әнші 110 шаршы метрлі, үш бөлмелі пәтерді 350 мың еуроға алғанын мәлімдеді. Өнер иесінің шетелге көшу ойында жоқ, ол үйді жалға беру үшін алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "НТК" арнасының Taboo бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Алматыда екі, Астана екі үйім бар. Сондықтан шетелден алайын деп шештім. Өз ақшама алдым, Олжас та қосты. Жалға беріп қойдық", – деп ағынан жарылды әнші.

Әнші басқа мемлекетке ешқашан көшпейтінін кесіп айтты. 

"Өзге елде 10 күннен артық бола алмаймын", – деді ол.

Бұдан өзге, әнші күйеуі Олжаспен жас айырмашылығы жайлы сөз қозғады. Айтуынша, о баста екеуінің қосылуына ешкім қарсы болмаған. 

"Менің жақындарым жақсы қабылдады. Бізде жас емес, адамның мінезі, көрсетіп жатқан құрметі, махаббаты, сыйластығы бірінші орында тұрады. 



Басында ойландым. Әсіресе "иә" дегеннің алдында. Кейін ол туралы ойламай кетеді екенсің. Сезілмейтін сияқты. 

Олжас салмақты, барлығын жоспарлайды, ода барлығы жазылып тұру керек. Бірақ соңғы жылдары өзгеріп жүр. Аяқ астынан "кетейік" дегенімді күтеді. Негізі ондайды жақсы көрмейтін. Олардың отбасыларында әйелі күйеуінен үлкен адамдар көп. Сондықтан олар мән бермейді", – деді Сәдуақасова.

Мәдина бірнеше баланы дүниеге әкелуді армандайды.

"Алла беріп жатса, екіншісі, үшіншісін де алып келемін дүниеге. Бірақ Алла Тағаланың бізге деген жоспары бар сияқты. Күтудеміз", – деді ол.
 

Талқылау