Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар "зейнетақының бір бөлігін әлі бере алмай жатыр" деп үкіметті сынға алды

Мәжілістің отырысында депутат Аманжан Жамалов зейнетақының бір бөлігін алу туралы заңды тезірек қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол премьер-министр Асқар Мамин мен ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа азаматтардың зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұрады. 

"Мемлекет басшысы 2021 жылдың 2 қаңтарында азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасының бөлігін алу туралы заңға қол қойды. Ол баяғыда заңды күшіне енді. Алайда Үкімет әлі күнге дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қорындағы бірреттік төлемді пайдалана алмай отыр. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр, олар үйді де таңдап қойды. Ал бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында "серуендеп жүр", - деді Жамалов сауалында.

Осылайша ол бірқатар мәселелерді алға тартып, нақты деректер ұсынған. 

"Көптеген тұрғын пәтерді 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы болып отыр. Олар өмірде болатын жағдайлар - басқа аймаққа, қалаға көшу, тұрғын үй жағдайын жақсарту секілді жайттар ескерілмегенін атап отыр. Сондай-ақ, азаматтар ақшаны салынып жатқан үйден пәтер алу мен тұрып жатқан үйіне жөндеу жүргізуге алуды қарастыруды сұрайды. Азаматтардың құқығын шектемей, талабына жауап беруді атап өткім келеді. Президенттің тапсырмасы мен азаматтардың күтіп отырғанын ескеріп, 2021 жылғы қаңтардың соңына дейін зейнетақы қорында жиналған ақшаның бөлігін пайдалану бойынша нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұраймын", - деді депутат.

Талқылау