Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда жаңа шектеулер болмайды
ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдің COVID-19 індеті кезінде неге жаңа шектеулер жарияламайтынын түсіндірді.

"Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша локдаун енгізу жоспарланбаған. Мәселе мынада, біз қолданып жатқан шектеу шараларының барлығы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлімді азайтуға, өршіп кетудің алдын алуға бағытталған. Төтенше көмек бүкіл халыққа қолжетімді болуы үшін денсаулық сақтау жүйесіне ықпал етеді", - деді Ғиният.
Алдағы уақытта шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дифференциалды түрде қолданылатын болады.
"Осы жылдар ішінде біз шектеу шараларын болжап, жоспарлауды үйрендік", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Алматыда жаңбырдан соң көліктер батпаққа батып, жолдар опырылды
Тұрғындар жауын-шашын басталмай тұрып жолды ретке келтіруді сұраған, алайда орындалмаған
Толасыз жауған жаңбырдан соң Алматы көшелерін су басты: Тұрғындар арық жүйесін сынға алды
Тұрғындар: "Қалаға жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін қайтарыңыздаршы"