Денсаулық сақтау министрлігі 48 млрд теңгеге сөмке сатып алмақ болған: Жауаптылар түсіндірді
Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған 48 млрд теңгеге cөмке сатып алынады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанда фельдшерлік сөмкелер сатып алуға бюджеттен 48 миллиард теңге жұмсау жоспарланғаны отырғаны туралы ақпарат пайда болған. Желідегі ақпаратта бір сөмкенің бағасы 7,5 млн теңге екені айтылған.
Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
"Денсаулық сақтау министрлігі аталған жылжымалы диагностикалық жабдықты бюджет қаражаты есебінен сатып алу мәселесі қарастырылмағанын хабарлайды. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі оны сатып алғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған", – делінген хабарламада.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"