Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Шектеу шараларын алып тастаған кезде, коронавирус инфекциясының жойылып кетпегені, оның әлі де бар екені біздің санамызда тұруы тиіс. Біз оған үйреніп, күресіп, өмір сүруіміз керек. Өмір жалғасуда. Әр адам ауа-райына бейімделеді. Жаңбыр жауса, біз қолшатыр алып, жаңбырдан өзімізді қорғаймыз. Егер күн суық болса, біз жылы киім киеміз, тіпті ойланбастан, бұл автоматты түрде осылай болады», - деді министр ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

Цой барлық іс-шараларды қашықтықтан өткізу керек деп қосты.


Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанға қашан келеді: Министр айтып берді


«Егер қандай да бір эпидемиологиялық кезең болса немесе ауа тамшыларымен өтетін басқа да инфекция таралса, бұл қалыпты жағдай болуы керек. Адамдар маска тағып, жақындарын қорғау керек, қашықтықты сақтап, жанында жүргендердің бәрін сақтандыру керек. Егер іс-шара болса, адамдар бір-бірінен алшақ, қашықтық сақтап жүру керек. Бұл инфекцияның өткір шыңынан өткенге дейін біздің әдеттегі өміріміз осылай болуы керек», - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

«Мен денсаулық сақтау жүйесіне ынтымақтаса көмектесу үшін біздің еліміздің кез-келген азаматына өтініш білдіргім келеді. Бұл мемлекетке және өзімізге, балаларымызға, жақын адамдарымызға ең үлкен көмек болады. Жеке гигиена ережелерін сақтап, қашықтықты сақтап, қол жуып жүру керек. , Салауатты өмір салтын сақтау, жалпы иммунитетті көтеру, спортпен айналысу қажет», - деді министр.

Егер осындай қалыпты сақтасақ,  шектеу шараларын ұстансақ, менің ойымша, біз осы инфекцияны жеңіп, осы кезеңнен қауіпсіз өтеміз », - деді Алексей Цой.

Елімізде коронавирус жағдайы тұрақтанып, карантин шараларын әлсірету туралы министр айтып берген еді.

Талқылау