Дастан Сәтпаев “Қайрат” – “Тобыл” матчына қатыспайды
Фото:”Қайрат” фк
28 ақпан “Астана Аренада” “Қайрат” – “Тобыл” арасында матч өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы матч жаңа маусым аясындағы дәстүрлі Суперкубок ойынымен басталмақ. Қос команда үшін де бұл ойын маңызды болмақ.
Алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы, ал қостанайлық “Тобыл” ел кубогының иегері.
Алайда бұл тартысқа “Қайраттың” 17 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев қатыспайды.
Дереккөздердің мәліметінше Дастана әлі де ем қабылдап жатыр.
Ол 2025 жылдың қараша айынан бері бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының соңғы екі ойыны “Брюгге”, “Арсеналдарға” қарсы матчтарға да алаңға шықпады.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан