Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәріхана мен дүкенге маскасыз шығатын болса айыппұл төлене ме: Министрлік жауап берді

Егер халық дәріхана мен дүкенге барғанда маскасыз шығатын болса, қандай жаза қарастырылғаны жайлы әділет министрі Марат Бекетаев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев онлайн брифинг барысында маска режиміне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, арнайы ережелерге бағынып, шарттарды орындағандар жауапкерілікке тартылмайды. 

"Маскасыз далаға шықсаңыз, ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Дүкен мен дәріханалардың ішіне маскасыз кіретін болсаңыз, айыппұл төлейсіз. Әрине жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамнан аспайтын топпен жүргендер айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылмайды", - дейді әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев.

ӘМ заңға тәуелді актілер департаментінің директоры Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев дәрілердің бағасын өсірген дәріханалардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Әкімшілік кодексте бағаны көтеру мәселесіне қатысты жауапкершілік қарастырылған. Бұл мәселемен денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айналысады. Шағымдарыңыз болса сол комитетке жүгінулеріңізге болады", - дейді ол.

Талқылау