Дәрігер тамақ ауруын емдеуге қатысты "аңызды" жоққа шығарды
Дәрігер тамақ ауруы кезінде суық тағамдарды жеу арқылы емделуге кеңес бермейтінін айтты. Медицина ғылымдарының кандидаты Александра Гусева мұндай әрекеттердің иммунитетті әлсіретеді дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Аргументы и факты" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, суық су ішу, балмұздақ жеу тұмау және тамақ ауруы кезінде қауіпті екен.
"Егер соққы немесе қылқыну салдарынан тамақ ауыратын болса, мұндай жағдайда жарақат алған аймаққа суық басу көмегін тигізеді", – деді Александра Гусева.
Маман мойын бөлігін қыздырудың да зиянды екенін мәлімдеді.
"Егер инфекция дамып келе жатса, тамақты қыздыру патологиялық процесті жылдамдатады. Ірің жиналса, хирургиялық жолмен алып тастау керек", – деп түсіндірді Гусева.
Дәрігер тамақты арнайы дәрілік ерітінділермен шайқауға кеңес берді. Ерітінді орташа температурада болғаны жөн.
Айта кетейік, бұған дейін тиетолог диетолог көздің көру қабілетін жақсартатын сегіз тағамды атаған болатын.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған