Дәрігер пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады
РУДН жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Зырянов коронавирустық пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ыстықты түсіретін дәрілерді көптеп жинау керек.
"Парацетамол жақсы. Ибупрофен ешқашан COVID-19 кезінде тиімділігін көрсете алмады. Мұрынға арналған тамшылар сатып алуға болады", - деді дәрігер.
Зырянов антибиотиктерді сатып алмауды ескертті, өйткені оларды қабылдау үшін дәрігердің нұсқауы қажет. Сонымен қатар, маман вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше ішпеуге шақырды, себебі олар "көптеген жағымсыз реакцияларға ие" және оларды қолдану дәрігерлердің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
Дәрігер ресейліктерге D дәруменін шектен тыс пайдаланбауға да кеңес берді. Зырянов бұл витаминнің артық болуы қан тамырларының зақымдалуына, бүйрек жеткіліксіздігіне және басқа да денсаулыққа қатыста проблемаларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"