Дәрігер Қызылордадан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақта сәбиді өлімнен арашалап қалды
Қылылорда-Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан ұшақ бортында дәрігер 8 айлық сәбиді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан FlyArystan ұшағының бортында сәбидің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Kazakhstan Health Services медициналық орталығының мәліметінше, баланы рейсте бірге ұшқан дәрігер аман алып қалды.
“Сәби тұншыға бастады, тамыр соғысы әлсіз болып, есінен танып қалды”, – деп жазды орталық Instagram парақшасында.
Хабарланғандай, ұшақ бортында медициналық білімі бар бірнеше адам болған. Олар сәбиге дексаметазон мен атропин салып, 40 минут көлемінде медициналық көмек көрсеткен. Науқасты ұшақтағы оттегі аппаратына қосқан.
Алдын ала деректер бойынша, сәби ота жасату үшін бара жатқан. Ұшақ Нұр-Сұлтанда қонған соң жансақтау тобына табыстаған.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған