Дәрігер карантин кезінде дәмханаға қалай бару керектігін түсіндірді
Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников сөзінше, дәмханаға келгенде масканы шешуге болады, бірақ адамдар арасындағы санитарлық қашықтықты сақтау керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қолыңызды антисептикпен тазаламас бұрын, мүмкін болса, сабынмен жуу қажет. Тамақтанғаннан кейін қорғаныс құралдарын ауыстыруды ұмытпаған жөн.
"Егер сіз кофе ішу үшін маскаңызды шешсеңіз, кейін жаңа маска қолданған жөн. Масканы екі сағат сайын, ал ыстықта 20-30 минут сайын ауыстырып отыру керек", - деді Тяжельников.
Тяжельников маскалар ылғалдан қорғаныс қасиеттерін жоғалтады деп түсіндірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда демалыс күндері еліміздің бірқатар аймақтарында карантин жарияланған еді. Осыған байланысты кейбір демалыс орындары, сауда орталықтары жабылды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі