Данияда әйелдер әскерге баруға міндеттелді
Фото: Shutterstock/FOTODOM
Биыл 1 шілдеден бастап Данияда әйелдер ерлермен тең дәрежеде әскери қызмет атқаруға міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті заңды парламент 2023 жылдың маусымында қабылдаған. Бірақ ол араға екі жыл салып, күшіне енді.
Жаңа ережелер биыл 1 шілдеден бастап, 18 жасқа толған әйел азаматтарға қатысты болады. Олар қызметке жарамдылығын бағалау үшін алдын ала тіркелуі керек.
Бұрын әйелдер әрқайсы өз еркімен қызмет ететін болса, енді олар ерлермен бірдей жүйе бойынша шақырылады. Біріншіден, еріктілер алынады, қалған орындар жеребе бойынша толтырылады.
2024 жылы Дания әскеріне жаңадан қабылданғандар 24% ерікті әйелдер болған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда енді жігіттерді әскерге көшеден алып кете алмайтыны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар