Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниал Ахметов ШҚО-дағы су тасқынына байланысты Үкімет басшысынан көмек сұрады

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынымен күреске қажетті құрал-жабдықтар жетіспейді. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: time.kz

«Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал-жабдығы жоқ. Мысалы, мотопомпа. Жоспар бойынша ол облыста 249 болуы керек. Ал бізде 55-і ғана бар – 22 пайыз. Көшпелі мотопомпа – ең керегі осы ғой, норма бойынша 112 болуы керек. Ал бізде екеу ғана. Қайыққа тоқталайық, ол 69 болуы қажет. Ал бізде 14 қайық қана бар. Жол талғамайтын көлік, салайдағыш 55 болуы тиіс, біреуі де жоқ», – деді облыс басшысы.

Сонымен қатар Даниал Ахметовтің дерегінше, өңірде төтенше жағдайлар қызметінде нормаға сәйкес 55 көлік болуы шарт. Ал қазіргі кезде облыста тек 9 көлік бар.

«Ал енді жігіттеріміз судың басында жүр ғой. Оларға гидрокомбинезон керек. Жоспар бойынша 1 мың болуы керек. Ал бүкіл облыста 86 ғана.  Осы жағдайға жай қарамайық. Биылғы жылдың басында 300 млн теңге бөлдік. Қазір тағы 200 млн бөліп отырмыз. Бірақ осы мәселені бірге шешуге мүмкіншілікті тауып берсеңіз», – деді Даниал Ахметов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа қарата.

Осы ретте Үкімет басшысы бұл ұсыныстың өте орынды екенін баса атап өтті. «Асқар Ұзақбайұлы, (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мамин) қажетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қарап шығыңыз. Бұл тек қана Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай емес. Барлық облыстарда сондай болуы мүмкін», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Тағы да оқыңыз:

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ журналисі: Құдайдан сұрап алған махаббатым, сен аман жүрші

Қызылордадағы атыстан зардап шеккен азамат қайтыс болды

Талқылау