AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәлелдеріміз бар": Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстанда шерушілерге оқ атқан оқиғалар туралы айтты

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан үкіметінен Алматыдағы наразылық шерулері кезінде қауіпсіздік күштерінің қару мен арнайы техниканы негізсіз пайдалану фактілерін тексеруді талап етеді. 80 бейнежазбаны талдап шыққан құқық қорғаушылар полиция мен әскерилер ең аз дегенде төрт жағдайда шерушілерге шамадан тыс күш қолданған болуы мүмкін деген қорытындыға келіп отыр. 

Әңгіме Алматыда наразылықтар басталған 4 қаңтар мен 6 қаңтар аралығында қалаға әскерилер кіріп, Республика алаңында адамдарға оқ жаудырған кезде түсірілген видеолар туралы болып отыр. Бейнежазбалар тексерістен өтіп, оқиға аймағына тән белгілермен расталды, хронология күннің орналасуымен, кадрға түскен сағатпен және басқа мәліметтермен белгіленді. Құқық қорғаушылар сондай-ақ куәгерлер мен наразылық білдірушілерден түсініктеме алған.

Биліктің ресми мәліметіне сәйкес, наразылықтар кезінде 225 адам қаза тапты, оның 19-ы әскерилер мен полиция қызметкерлері.

"Бейнежазбаға түсіп қалған оқиғалар "шұғыл, тиімді, тәуелсіз және бейтарап тергеуді талап етеді", - дейді Human Rights Watch сенімді түрде.

Төрт эпизод

Мәлімдеме атап айтқанда төрт эпизодқа айрықша тоқталады. Олардың алғашқысы және ең қандысы қаңтардың 5-іне қараған түні қауіпсіздік күштері наразылық білдіріп, Республика алаңында дүкендерді тонап жатқан демонстранттарды таратқан кезде болды. Ол уақытта көз жасаурататын жарылғыш гранаталар мен оқтар қолданылды, содан кейін жиналғандар қарсы шабуылға шығып, бірнеше полиция көлігін өртеп жіберген.

Құқық қорғаушылар бұл оқиға салдарынан кемінде он адам қаза тауып, тағы 19 адам жараланған деген қорытындыға келді. HRW нақты сандардың көрсеткіші бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.

"Қауіпсіздік күштерінің себепсіз оқ жаудыруынан кем дегенде 10 адамның қаза тапқаны туралы көптеген дәлелдер бар", - дейді HRW қақтығыстар зерттеушісі Джонатан Педно.



Екінші эпизод 5 қаңтар күні сағат 15:00 мен 17:30 аралығында Алматыдағы президент резиденциясында болды. Жазбаларда аталған орынды күзетіп тұрған қауіпсіздік күштерінің кейбіреулері таяқ немесе қалқанмен қаруланған демонстранттарға қарсы бірнеше рет автоматпен оқ жаудырғанын көруге болады. Дәл осы сәтте наразылық білдірушілердің бірінің қолында тапанша болғаны байқалған. Тура осы кеште Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы сөйлеген сөзінде шерушілердің барлығын террористер деп атағанына Human Rights Watch ерекше тоқталған.

Үшінші жағдай – 6 қаңтар күні сағат 10:00 шамасында Республика алаңындағы шерушілерге әскерилердің оқ жаудыруы. Оқиға орнында болған куәгерлердің бірі кейбір наразылық білдірушілердің полициядан оқ атпауды өтінгенін айтады.

HRW сарапшылары тоқталған тағы бір жағдай – 6 қаңтар күнгі таңғы сағат 06:00 шамасында Республика алаңында "Біз бейбіт шерушілерміз! Біз террорист емеспіз!" деп жазылған баннермен жиналған наразы топ жайлы.

Наразылық білдірушілердің бірі HRW-ке осыдан кейін тәртіп сақшылары әуеге бірнеше ескерту оқтарын атқанын, сосын демонстранттарға қарсы оқ жаудырғаны жөнінде айтып берген. Осы уақытта құқық қорғаушыларға сұхбат беруші азамат өз өмірін сақтап қалу үшін, жасырынып қалған.

Куәгерлердің журналистерге айтуынша, алаңда болғандардың кем дегенде біреуі басынан, екіншісі денесінің үстіңгі бөлігінен оқ жарақатын алған.

Куәгерлердің сөздерін оқ жаудырған адамдар түсірген алты видеоның кадрлары растайды, алайда олардың ешқайсысында әскерилердің оқ атқан сәті көрсетілмеген. Видеолардың бірінен 100 рет атылған оқтың дауысын естуге болады.

Қантөгіске кім кінәлі?

Джонатан Педноның сөзінше, ондаған қазақ отбасы аза тұтып отыр және ол өз үкіметінен жауап күтуде.



"Қазақстан билігі үшін жоқ дегенде заң үстемдігін қалпына келтіріп, осы қайғылы өлімге кінәлілерді жазалауға басымдық берілуі тиіс", - дейді ол.

Құқық қорғаушылар ұлттық үкіметтерді, ЕО және ЕҚЫҰ-ны Қазақстандағы осы істердің толық тергелуіне ықпал етуге шақырады.

Қазақстандағы қақтығыстар

Еліміздегі қайғылы оқиғалар 2022 жылдың қаңтар айында орын алды. Барлығы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан кейін басталды. 2 қаңтарда еліміздің батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған митингктер кейін Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында жалғасын тапты.

Алайда, бейбіт шерулер кейін жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян көрді. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр