Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы әйелін 18 рет пышақтап, өлтірген": Алматыда сотта марқұмның ағасы айыпталушыдан 50 миллион теңге өтемақы талап етті

Алматыда ер адам жанжал кезінде жұбайына 18 рет пышақ салып, өлтірген. Марқұмның ағасы осы оқиғадан кейін қайғыдан әкесі мен әжесінің де көз жұмғанын айтып, айыпталушыдан 50 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуін талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Ер адам әпкесінің өліміне кінәлі адамнан 50 миллион теңге моральдық өтемақы талап етіп, Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотына жүгінген. Анықталғандай ер адам бұрынғы зайыбымен жанжалдасу кезінде оған 18 рет пышақ салған. Көптеген жарақат салдарынан әйел ауруханада көз жұмды.

“Марқұмның ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақынына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсеткен. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан дүниеден өткен. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 миллион теңгеге бағалады”, – делінген хабарламада. 



Алайдай айыпталушы тараптың өкілі қойылған талапты мойындамады. Айтуларынша, ол кінәсі үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Сұралған соманың да жоқ екенін жеткізген.

Дегенмен сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. Парасат пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып, талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау