Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауға алу мерзімін ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Primeminister.kz

Экс-министрдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданған.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2024 жылы 15 мамырда күдікті Бекетаев М-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", – делінген елордалық соттың хабарламасында. 



Еске салайық, қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған еді.

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде заңсыздықтарды анықтаған.

Талқылау