Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл заттың 500 грамы бір қаланың халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы": Адвокат қаңтар оқиғасы кезінде улы заттар ұрланғанын айтты

Адвокат Айман Омарова оқиғалар кезінде бірнеше бөшке калий цианидінің ұрланғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Омарованың айтуынша, қаңтардағы оқиғалар кезінде жаппай тәртіпсіздікті кәсіби дайындалған топтар басқарды, олардың арасында тек бейбіт тұрғындар ғана емес, сонымен қатар арнайы қызмет қызметкерлері де, қылмыстық топтар да болды.

"Ғалымжан Нақбаевтың ісі бойынша қоймалардан әсері күшті улы заттар, калий цианидінің бірнеше бөшкесі ұрланды. Бұл заттың 500 грамы бір қаланың халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Бұдан бөлек, қоймаларда басқа да химиялық заттар болған: күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да заттар", – деді адвокат.

Омарова барлық осы іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.

Сондай-ақ құқық қорғаушы президентке тарихи отанына оралған этникалық қазақтар (қандастар) мәселесі бойынша жүгінді.

Мәжіліс отырысы барысында Омарова Қасым-Жомарт Тоқаевтан соңғы бес жылда елімізге шетелден көшіп келген және алда келетін этникалық қазақтардың қоғамға толық сіңісуі үшін көші-қон бағдарламасын әзірлеуді сұрады.

Сонымен қатар, ол этникалық қазақтар деген атпен алыс және жақын шет елдерден келіп жатқан барлық азаматтардың азаматтығы мен тұру ыхтиярхаттығын тексеру қажеттілігін атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін адвокат Айман Омарова 2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгені туралы ақпарат бар, оларға белгілі бір мәртебе берілгенін айтқан болатын. Қаңтардағы оқиғалардан кейін олардың паспорттары жойылған. Ол сондай-ақ кәсіби дайындалған топтардың қаңтардағы оқиғаларға кемінде екі жыл дайындалғанын атап өтті.

Талқылау