Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл күнді ұмыту керек": Мәжіліс депутаты "валентинкаларды" өртеп жіберуді ұсынып жүргеніне 20 жыл болғанын айтты

Депутат Елнұр Бейсенбаев 14 ақпанды тойлауға тыйым салуды талап етіп отыр. Ол осыдан 19 жыл бұрын “валентинкаларды” (ашық хат) өртеп жіберу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/elnurbeisenbai

Ол кезде Елнұр Бейсенбаев алматылық "Болашақ" жастар ұйымының жетекшісі болған еді. Депутат әулие Валентин күніне қатысты ойы әлі де өзгермегенін жеткізді. 

“Сол кездері мектепте арнайы жәшіктер қойылып, оқушылар бір-біріне хат жазатын. Олар – кәмелет жасына толмағандар. Әрине, бұл – нонсенс. Бұл туралы да айтқанбыз. Кейін мұндай жағдайлар қайталанбайтын болды”, – дейді депутат.

Ол адамдардың бір-біріне сезім білдіре алатынын айтты. Алайда мектеп оқушыларының ашық хаттарды буллинг жасау үшін де қолданатынын да ескертті.

“Бұл ешқандай мереке емес. Бұл күнді мәңгіге ұмыту керек”, – деді Елнұр Бейсенбаев. 

Талқылау