Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бүгіннен бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемақы төленбейді

Қазақстандық дәрігерлерге коронавирусқа қарсы күрес үшін берілетін үстемақы 1 қазаннан бастап тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен жиында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеген болатын.

“Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды”, – деген еді Ералы Тоғжанов. 

Тоғжановтың айтуынша, сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Бұған шамамен 14 миллиард теңге қажет.

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін хабарлады. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды.

Айта кетсек, дәрігерлерге мемлекет тарапынан қаржылық қолдау былтыр наурыз айынан бері көрсетіліп келген.


Талқылау