Блогер Zheka Fatbelly сүйіктісімен шариғат бойынша неке қидырды
Жақында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған Жеңіс Омаров Алланың үйінде қалыңдығымен ақ некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Көпшілікке Zheka Fatbelly лақап атымен танымал блогер бойдақтық өмірмен қоштасып, мешітте неке қидырды. Ол әлеуметтік желіге неке қию сәтінен бейнежазба жариялады.
“Енді ерлі-зайыптымыз. Мәһрге бір келі құрма сұрады. Өзінің жекеменшік ұшағында бір келі құрма алғысы келеді”, – деп әзілдеді Жеңіс Омаров.
Жас жұбайлар қалыңдық көйлегін таңдап әлек. Блогер қалыңдық көйлегін киген сүйіктісін көргенде қайта ғашық болғанын айтты.
“Екінші рет ғашық болдым. Бойдақтар, менің сториздерімді көріп, үйрене беріңдер. Ақшаларыңды, жүйке мен сабырлықты дайындай беріңдер”, – деп жазды Zheka Fatbelly.
Кейбір желі қолданушылары тойға дейін қалыңдығын көйлепен көруге болмайтынын айтып, ескертті. Алайда қалыңдықтың өзі де, блогер де мұндай ырымның бос сөз екенін айтып, сенбеді.
Бұған дейін блогердің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағаны туралы жазған болатынбыз.