Полиция Айжан Байзақованың інісі "Дикий Арманның" қылмыстық тобының мүшесі деген айыптауға қатысты пікір білдірді
Отандық БАҚ беттерінде танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов “Дикий Арманның” қылмыстық тобына қатысы бар деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Байзақов полицияға куәгер ретінде жеткізілген.
"Аталған азамат полицияға куәгер ретінде жеткізілді, ол жедел-іздестіру шараларынан кейін босатылды", – делінген ресми мәліметте.
Блогердің әпкесі Айжан Байзақова інісіне қатысты пікір білдіріп, ескерту жасады.
“Тексерілмеген ақпаратқа сенбеңіздер! 100 рет ойланып барып айтыңыздар! Әйтпесе сотқа береміз”, – деп жазды блогер.
-
"Ол менің досым емес": Балғынбек Имаш "Дикий Арман" туралы шындықты айтты
-
Алматы мен Шымкентте Дикий Арманның қылмыстық тобының мүшелері ұсталды
Айта кетейік, тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесін қатысты ұстап, тінту жұмыстарын жүргізді.
Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта жүріп заңсыз әрекеттерін тоқтатқан жоқ.
“40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.