Блогер Айнұр Нұрсейітова төртінші рет тұрмысқа шықты
Қазақстандық блогер Айнұр Нұрсейітова төртінші рет тұрмыс құрды.

Қазақтандық блогер Айнұр Нұрсейітова төртінші рет келін атанды. Блогер бұл қуанышын көппен бөлісті.
Желіде блогердің сіңлісі Бота Нұрсейітова бұл жаңалықты растады. Айтуынша, блогер қыз жаңалығын ең алдымен отбасына жария еткен.
Айнұр Нұрсейітоваға сүйіктісі 19 наурыз күні тұрмыс құруға ұсыныс айтып, көңілін білдірген. Блогер бұл жайлы желіде жария етті.
“Енді жасырмайтын болдым. Құттықтап қойыңыздар”, – деді ол.
Парақшасында неке куәлігін көрсетті. Алайда сүйіктісін көпшілікпен таныстырған жоқ.
Желідегі оқырмандары мен дос-жарандары жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Айнұр Нұрсейітова бұған дейін үш мәрте некелескен болатын. Алайда үш некесі де сәтсіз аяқталған. Бүгінде ол – екі баланың анасы. Желіде белсенді, өз оқырмандары бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі