БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық дерегіне қатысты күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше әкімнің орынбасары "Аqjaiyq" ӘКК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беріп, лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды деп күдікке ілінген.
“Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді. Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”