"Бізден ақша өндіріп алмақ": Жолсеріктердің бірінің әкесі ұлының қыз зорлағанына сенбей отыр

«Тальго» пойызында ақтөбелік аруды зорлады деген күдікке ілінген жолсеріктердің бірінің әкесі ұлының айыпты екеніне сенбейді. Ертең Қостанай облыстық сотында күдіктілерге қатысты үкім шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тальго

Сурет: Дина Таңсәрі, ҚазАқпарат

Сот пойыз жолаушысын зорлады деген күдікке ілінген жолсеріктер Қолқанат Құлманиязов пен Жетес Үмбетәлиевтің ісін қарап жатыр. Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Ақтөбеліктің айтуынша, пойызбен үйіне қайтып келе жатқан жолда түнде жолсерік купесіне кіріп, сол жерде оны зорлап тастаған. Осыдан кейін екінші жолсерік кіріп, қайта зорлаған. Алайда жолсеріктердің туысы олардың қызды зорлағанына сенбейді.  

«Мен ұлымды кінәлі деп ойламаймын. Бұл қыз бізден ақша алғысы келіп отыр. Ол осы уақытқа дейін бізден 2-ден бастап 4 млн теңгеге дейін ақша сұраған болатын. Бірақ біз бермедік. Өкінішке орай, оның бізден бұл ақшаны сұрағанын дәлелдейтін айғақтар жоқ. Бастапқыда оның денесі көгермеген еді. Ол денесін кейін көгертіп алған екен. Бірінші медициналық сараптама оның үстінің көгермегенін, ешқандай физиологиялық және психологиялық ауруы жоқ екенін көрсетті. Кейін жәбірленуші өзі тәуелсіз сараптама жасатқан екен. Үстін өзі көгерткен», - деді жолсеріктердің бірі Сәрсенбай Құлманиязовтың әкесі. 

Әділжан Қобжановтың туысы жәбірленушінің қоғамда шу тудырып, осылайша сотқа қысым көрсеткісі келіп отырғанын айтты. 

«Ол жолсерік болды. Оның шын мәнінде осындай әрекетке барғанында жұмысынан айырылатыны сөзсіз. Ал ол үшін бұл жұмысы қымбат еді. Ешқандай зорлау болмады», - деді Әділжан Қобжанов. 

Естеріңізге сала кетсек, 26 шілде күні Қостанай облысында күдіктілердің ісіне қатысты сот үкімі шығады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр