Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар: Біз – көргенсіз халықпыз

Әнші Ғалымжан Молданазар “Dopesoz” подкастында қонақ болып, халықтың жай-күйі мен елдегі болып жатқан оқиғалар туралы ой өрбітті. 

Фото: Подкастан скриншот

Әншінің айтуынша, болашаққа сенім азайып, адамдардың ойлау қабілеті, сана-сезімі өзгеріске ұшыраған. 

“Елдегі болып жатқан оқиғалар адамды ойландырмай қоймайды. Сол үшін өзімді көп дүниеден шектеймін. Көріп, естіп, оқып отырып ашуланасың. Жек көріп кетесің. Біз – көргенсіз халықпыз. Дым көргеніміз жоқ. Халыққа у беріп, су десең, іше береді. Бір-бірін сыйлау, әдеп деген дүниелерден ажырап қалдық. Әдепті болайық, патриотизмді насихаттайық деп жұртқа айтсаң, күлкіге қаласың. Әдепсіз білімді адам бомба жасауы мүмкін. Әдепсіз білімді адам, білімсіз адамды қолданады. Оның ар-ұяты мазаламайды. Ешкімге жаны ашымайды. Ол үшін ұлттық идеологияны қолға алу керек”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі қазақ тілінің болашағы туралы да сыр шертті. Тіпті, орыстілді достары қазақша үйреніп алған көрінеді. 

“Мен үшін, тіл – қатынас құралы. Шынымдай айтсам, орыс тілінде қате сөйлесем, ұялмаймын. Ол – шетел тілі. Мен ауылдың баласы болғандықтан, қате жіберуім кешірімді деп ойлаймын. Оңтүстік жақта орыстардың өзі таза орыс тілін білмейді. Адам сынамас бұрын, өзіне қарауы керек. Біз қате сөйлесек, жұрт күледі деп одан сайын кейін шегінеміз. Менің орыстілді достарым маған еріп, қазақша сөйлеп жүр. Кейде бас қосып, ойын ойнаймыз. Сол кезде “Дұрыс айттым ба, мына сөз қазақша қалай айтылады?” деп сұрайды. Қатты қуанып қаламын”, – деді 

 

Талқылау