Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арыс, біз біргеміз": Министрліктегілер жалақысын жарылыстан зардап шеккендерге аударды

Жуырда министр болып сайланған Ақтоты Райымқұлова әріптестерімен бірге бір күндік жалақысын өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр желідегі парақшасында өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырып, қаражатты қайда аударуға болатынын жазды. Мәдениет министрлігінің бұл көмегі басқаларға да үлгі болды.

"Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және бізге қарасты мекемелер ұжымдары жергілікті халыққа көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақымызды аудару туралы шешім қабылдадық. Жанашыр адамдарды көмек көрсетуге шақырамыз. Реквизиттер: БИН 1805 4001 5308. ИИК KZ7594 7039 8991 3701 12. БИК ALFAKZKA в АО ДБ "Альфа-Банк", - деп жазды министр.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде министрдің бастамасын қолдап, алғыс білдірді. Сондай-ақ, өздерінің де ақша аударуға дайын екенін жарыса жазды.

Бұдан өзге еңбек министрлігіндегілердің де бір күндік жалақысын көмек ретінде аударатыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Талқылау