"Өзіне алиби дайындады": Адвокат Бишімбаевтың не себепті моншаға хабарласып, интимдік қызметке тапсырыс бергенін айтты
Жарыссөзде сөз алған жәбірленушінің өкілі Игорь Вранчев Бақытжан Байжановтың аммиак құйылған бөтелкені лақтырып, Нүкенованың киімін жойып жібергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: time.kz
Жәбірленушінің адвокаты Игорь Вранчев осы кезде Бишімбаев жымысқы ой ойлап, өзіне "алиби" жасамақ болғанын айтып берді.
"Бір клубқа баратын серіктесі Гүлнар Насырбековамен кездессе, Юлия Суперге хабарласып, оған интимдік қызмет көрсетеді, монша мен клубка бірге барады. Ол не үшін? Бірде-бір адам Салтанат жоғалып кеткен жағдайда да, оның моншада қыздармен, жезөкшелермен көңіл көтеріп жүрген күйеуінен күдіктенбейді. Сол сәтте оның қолынан қаза тапқан әйелі көрші бөлмеде жатыр деген ой ешкімнің басына кіріп шықпайды. Бұл – сөзсіз алиби", – деді Игорь Вранчев.
Еске салайық, бұған дейін жәбірленушінің адвокаты Әлия Омарова Салтанатты өлтірген күні түсірілген видеода Бишімбаев оны басқа ер адаммен жақын қарым-қатынаста болдың деп бопсалағанын еске алғаны туралы жаздық. Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев камераны Салтанатқа қарай бұрып, оның екі бұтын ашып, ұятты жерлерін түсіруге тырысқан.