"Бірнеше минуттың ішінде ұлымнан айырылып қалдым": Қордайда қаза тапқан азаматтың әкесі болған жайт туралы сөз қозғады
Қордай ауданында болған оқиғаның салдарынан қаза тапқан азаматтың әкесі болған жайт туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Ешқашан ұлтқа бөлінбеген едік, мұсылманда ұлтқа бөліну жоқ деген қордайлық Лугмар Инва ұлының сол күнгі қақтығыста жүргенін біліп, оған үйге қайт деп арнайы барғанын айтады. Ұлымен соңғы рет кешкі жеті жарым кезінде сөйлесіпті. Алдында «досымның үйінде отырмын» деген ұлының оқ атыла бастағанда көшеде жүргенін де біліпті. Бірақ, айналасы 20 минутта ұлымнан айырылдым дейді қазалы әке.
"Орталыққа жаяу барған. Артынан іздеп келсем, сонда жүрген көрінеді. Балам үйге қайт, анаң алаңдап отыр дедім. Жарайды, әке деп айтты. Артынша 20-30 минут өтпей жатып ұлымды атып кеткенін білдім", - дейді қан жұтқан әке Лугмар Инва.
Естеріңізге салайық, Қордай болған оқиғадан 10 адам көз жұмды. Солардың бірі Лугмар Инва ұлы екен. Жалпы тәртіпсіздік салдарынан одан бөлек, 170 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсіпті.