"Бірдей киім киеміз": 68 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты баянды некенің құпиясын бөлісті
АҚШ-тың Оборн қаласында тұратын ерлі-зайыптылардың некелескеніне 68 жыл болған. Олар осы уақыт бойы бірдей киім киіп келген екен. Бүгінде егде жастапғы ерлі-зайыптылар мұны некелерінің баянды болуының құпиясы деп біледі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фрэнсис пен Розмари Клонц жоғары мектепте танысып, 68 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір сүрген. Егде жастағы әйелдің сөзінше, бірде өзінің анасы оларға бірдей жейде сатып алған екен. Мұнан кейін ерлі-зайыпты ұқсас киімдер кие бастаған.
Розмар күйеуінің киетін киімдерін өзі таңдайды екен. Ал Фрэнсис жұбайы таңдаған киімдерді қуана киетін көрінеді.
Сонымен қатар ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын сақтауға Құдайға деген сенімнің де көмегі бар екенін айтады.
«Бірінші Құдай, содан кейін өзге адамдар, осылардан кейін ғана өзің тұрасың», - дейді өмірге деген көзқарасын сипаттаған ерлі-зайыпты.
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"
"7 жыл тозақта өмір сүрдім": Жақындарынан зорлық көрген қазақстандық қыздар неге үнсіз қалғандарын айтты
Дина Таңсәрі: "Статистикаға сенсек, істердің шамамен 50%-ы сотқа жетпей жабылады"