Бір жыл бұрын үйлендік: Айгүл Мүкей алғаш рет күйеуі жайлы айтты
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей жеке өмірін елден жасырын ұстайды. Алайда биыл Айгүл қызды болғанда, телекөрермендердің таңырқап қалғаны рас. Себебі Мүкейдің тұрмыста емес екені елге мәлім еді.
Айгүл Мүкей Майя Бекбаеваның “Одна история” бағдарламасына берген сұхбатында күйеуі жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz.
“Қызымның әкесі бар. Бізде бәрі жақсы, осыдан бір жыл бұрын үйлендік. Екеуміздің махаббатымыздың жемісі – қызымыз Хабиба”, – дейді Айгүл.
Айгүл Мүкейдің алғашқы серігінен Асанәлі есімді ұлы бар. Тележұлдыздың тұңғышы өгей әкесімен жақсы тіл табысатын көрінеді. Айгүл серігін таңдамас бұрын да оның ұлымен қарым-қатынасының дұрыс болуына жіті мән берген.
“Әкесі мен ұлы сияқты. Екеуіне сырт көзбен қарап көрдім. Мен үшін Асанәлінің көз алдында – ер адамның үлгісі болғаны маңызды болды. Ержүрек, байсалды азамат болу керек. Менің жұбайым сондай. Екеуінің қарым-қатынасы жақсы түзілді. Әлі де нығая түседі деп ойлаймын. Ол уақыттың еншісінде. Ең бастысы, жақсы көріп, бағалап, өзара жақсы қарым-қатынаста болу керек. Бәрі бірден болмайды”, – дейді Айгүл Мүкей.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.