"Бір пәтердің құны": Төреғали Төреәлінің ата-анасы қыздарына сырға сыйлап, қызу талқыға түсті
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің ата-анасы кенже қыздарының туған күніне бағалы сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Айта кетейік, блогер Фариза Төреәлі сіңлісі Динаның жекеменшік мерекесіне көлік сыйлаған еді.
“Анашым мен әкешім Динаның туған күніне сырға алып жатыр. Отбасыларының атынан екен. Өздеріне ұнаған сырғаны таңдады”, – деді Фариза Төрелі.
Сондай-ақ сырғаның бағасы да видеода анық көрінеді. Өнерлі отбасы бір сырғаны 2 миллион 170 мың теңгеге сатып алған.
-
"Құны – 3 миллион теңге": Фариза Төреәлі анасы мен енесіне алған сыйлығын көрсетті
-
"Еркеден көріп қойғанбыз": Фариза Төреәлінің су жаңа сөмкесі ел талқысына түсті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сыйлықтың бағасын қызу талқылап жатыр.
“Не деген ақша?!”, “Бір пәтердің құны”, “Керемет сыйлық екен”, “Айлықтан айлыққа әрең күн көріп жүрміз”, “Анасы мен қызы ақымақтау екен, соны елге көрсетпесе болмай ма?!”, “Сырғадан үй соға ма, осылар”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, өнерлі отбасының кенже қызы 22 жасында үшінші көлікке ие болғанын айтқан еді.
@hhan2020 ♬ Айта алмай келем - Daniyaarman