Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бір қимылмен төлем қабылдау

Halyk Bank жұртшылыққа тағы да бір жаңа қызметін таныстырды. Аталған жүйе қызмет немесе тауардың ақысын смартфон арқылы төлеуге және төлемді қабылдауға мүмкіндік береді. Енді жанасусыз карталар, смартфондар, тағып жүретін NFC-құрылғылар - Smart-сағат, сақина мен браслеттер арқылы қауіпсіз, жылдам және ыңғайлы төлем жүргізуге болады. Ал заңды тұлғалар төлемдерді қабылдау үшін енді пос-терминалды қолданбайды. Бар болғаны Halyk Pos қосымшасын смартфонға жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекіткеніңіз жеткілікті.

халық банк

Енді банк клиенттеріне қолма-қол ақша және төлем картасын алып жүрудің қажеті
жоқ. Смартфон пост терминалдың орнын басып, ақша қабылдай алады. Ал кәсіпкерлер
үшін сауда жасайтын құралға айналады. Осылайша, саудагерлер пост терминалға кететін
шығындарды үнемдейді. Есесіне, төлемдерді аптасына 7 күн, 24 сағат үздіксіз қабылдай
бересіз, операциялар туралы нақтыланған есептілікті алып отырасыз, клиенттеріңіздің
саны да арта береді.

«Halyk Pos қосымшасы қолма-қол төлемдер бойынша, мысалы, инкассацияға
шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға
мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Жаңа шешім контактісіз төлемдер
қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне
қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін
оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек бизнестің клиенттері де, өз кезегінде,
контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу
мүмкіндігіне ие болады», - дейді өз сөзінде Halyk Bank Транзакциялық бизнесі
департаментінің директоры Гүлсім Душатова.

Қазіргі таңда мобильді төлем дамып жатыр, пос терминал, телефон, интернет арқылы
төлеуге болады. Halyk Bank-тің осы бағыттағы жұмысы да қарқынды. Ең алдымен банк
клиенттеріне ыңғайлы әрі тиімді шешімдерді ұсынуға мүдделі, оның үстіне бұл жүйе
қауіпсіз әрі көп функциялы: төлемдерді кез келген банктердің карталары бойынша (Visa,
Mastercard және Union Pay), Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay
арқылы смартфонмен қабылдауға, оларды болдырмауға және кері қайтаруға, электронды чектерді жөнелтуге, операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарауға болады.

Шешім сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін
айтарлықтай ұлғайтып, сауда нүктесінің клиенттер базасын көбейтуге және эквайринг
қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2020 11:44
Талқылау