Бір аптада екі рет: Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасап, тістеп тастаған
Ақтауда ер адам Каспий жағалауында демалып жүрген кезде итбалықтың шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада" басылымына сілтеме жасап.

Сөзінше, достарымен демалып жүргенде итбалықтың алыста жүзіп жүргенін көрген.
"Сосын жарты сағаттай шомылдық. Барлығы судан шықты, ал мен жалғыз қалдым. Сол сәтте күтпеген жерден итбалық шабуылдады. Барлығы итбалықтарды сүйкімді жануар деп ойлайды. Бірақ олай емес, олар да жыртқыш және теңізде өз құрбандарын іздейді. Егер достарым болмағанда ол мені жеп қояр еді", – деді Нұрлан Наурызбеков.
Оқиға Rixos Water World Aktau қонақүйінің маңында болған.
Еске салайық, Ақтауда 14-ші шағын ауданда балалар суға түсіп жатқан жағалауға жақын жерде кішкентай итбалық балаларға шабуыл жасап, қыздардың бірінің қолынан, екіншісінің иығы мен арқасынан тістеп алған еді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды