"Биологиялық қару қолданылатын терактілер пандемиядан да қауіпті": Билл Гейтс адамзатқа төніп тұрған апатты болжады
Microsoft компаниясының негізін қалаушы және филантроп Билл Гейтс әлем жаңа пандемияларға ғана емес, сонымен бірге коронавирустың таралуынан да қауіпті болатын биологиялық қару арқылы жүргізілетін террористік шабуылдарға да дайын болуы қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Гейтс британдық Policy Exchange қоғамдық ұйымына берген сұхбатында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін эпидемиологиялық қауіпсіздікті зерттеуге және жұқпалы аурулармен күресудің нақты тетіктерін жасауға миллиардтаған доллар жұмсау керек деді.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын эпидемиологиялық жағдайды бақылау бойынша арнайы жұмыс тобын құруға шақырды. Гейтстің пікірінше, бұл ұйым террористердің шабуылдарына дайындалғаны жөн, осылайша оның салдарымен жұмыс істеу нұсқаларын дайындау қажет.
“ДДҰ-ның пандемия жөніндегі жұмыс тобына жылына шамамен миллиард доллар қажет болуы мүмкін. Ол "бактериологиялық ілімдерді" жүргізіп, оны бақылайды", – деді Майкрософттың негізін қалаушы.
Биологиялық қару-жарақ шабуылдарының алдын алудың маңыздылығын Гейтс былай түсіндіреді: "Егер биотеррористер шешек ауруын 10 әуежайға алып келсе не болады? Бұған әлем қалай жауап бере алады? Биотерроризмнен туындаған және табиғи эпидемиялар болады, алғашқысы қазіргі пандемиядан да сорақы болуы мүмкін", – дейді Гейтс.
- "Бұл - сенің қалыңдығың, өтінемін оны ұрмашы": Ауғанстанда әкесі тоғыз жастағы қызын 55 жастағы ер адамға сатуға мәжбүр болды
- Маман COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын мәлімдеді
"Бес жылдан кейін “Біз келесі пандемияға дайынбыз" деп аталатын кітап жазамын деп үміттенемін, бірақ ол үшін зерттеулер мен әзірлемелерге миллиардтаған доллар жұмсау керек. Бұған АҚШ пен Ұлыбритания қатысады", – деп түсіндірді Гейтс.
Айтуынша, болашақ пандемиямен күресу үшін бөлінетін үлкен шығындар адамзатқа тұмау сияқты аурудан құтылуға көмектесетін нәтижелер әкелуі мүмкін. Қазір әлемдегі ең бай адамдар тізімінде төртінші орында тұрған кәсіпкер мен филантроп маңызды медициналық инновациялар пайда болатынын да атап өтті.
"Келесі пандемиямен күресуге қажет зерттеулер мен әзірлемелерге вакциналардың құнын төмендету, ірі зауыттар құру, тұмауды түп тамырымен құрту, кішкене жапсырма түрінде вакцина егу. Мұның бәрі бізде пандемия болмаған кезде де өте пайдалы болмақ", – дейді Гейтс.
Айта кетейік, Covid-19 пандемиясының басталуынан бірнеше жыл бұрын Гейтс өлімге әкелетін тұмау эпидемиясының қаупі туралы айтқан болатын.
Алдағы он-жиырма жылда 10 млн адамды өлтіретін нәрсе бар болса, бұл соғыс емес, патогенті вирус болады. Ракеталар емес, микробтар”, – деген еді ол 2015 жылы TED конференциясында.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустық пандемия салдарынан 5 миллионнан астам адам қайтыс болды, 250 миллионға жуық адам вирусты жұқтырып, ауырып шықты.