Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі: Биыл ҰБТ тапсыратын түлектер үшін сәтті жағдайлар жасалды

Биылғы мектеп түлектеріне ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалған, деп мәлімдеді білім министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz сайтының Instagram парақшасында.

Логикасы жоқ: Білім министрі жаңа әліппе туралы

ҰБТ жыл сайын маусым айының соңында - шілде айының басында өткізіледі.

«Дайындық жасауға жеткілікті уақыт бар. Маусымның соңында жағдай өзгеріп, біз ҰБТ-ны дәстүрлі форматта өткізе аламыз деп үміттеніп отырмыз. Біз балама ретінде екі нұсқаны дайындаймыз», - деді министр.

«Биылғы жылы ҰБТ тапсыратындар үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған деп санаймын, олардың үйде отырып дайындалуына мүмкіндік бар, біз оларды қорытынды емтиханнан босаттық.

Сайтта ҰБТ бойынша 70 тест сұрақтарын ақысыз ұсындық. Сондықтан, биылғы жылы біз балаларды ҰБТ-ға дұрыс дайындалып, қауіпсіз түрде тапсыра алатындай жағдай жасадық деп санаймын», - деді Аймағамбетов.

«Біреулер аттестат балын есептеу арқылы оқу орнына тапсыруды ұсынып жатыр. Бірақ біз оны қолдамаймыз, өйткені бұл мемлекеттік грант. Бір мектептің бағасы екінші мектепте басқаша болуы мүмкін. Түлетер бірыңғай тест тапсыруы керек», - деп түсіндірді министр.


Білім министрлігі биылғы ҰБТ жайлы өзгерістер мен қатаң ережелер туралы ескертті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр