Биыл ШҚО-да маман даярлауға бөлінетін гранттар саны ұлғаяды
Гранттар негізінен медицина, білім, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік қызметтері салаларындағы мамандарды даярлауға бөлінеді. Бұл туралы ШҚО "кімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммунаикациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

"Білікті маман" бағдарламасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда және оның негізгі мақсаты - өңірдегі мектептер мен колледждер түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін төмендету және облыс кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Осы себепті, біз ағымдағы жылы міндетті түрде гранттар бөлуді жалғастырамыз, оның үстіне олардың саны 410-нан 450-ге дейін ұлғайтылды”, - деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімінің айтуынша, гранттар дәрігерлерді, педагогтерді, сәулетшілерді, құрылысшыларды, ветеринарларды, спортшыларды, сондай-ақ телекоммуникация, инженерия, өндіріс және өңдеу, тау-кен ісі, стандарттау, сертификаттау, метрология және көлік қызметтері саласындағы мамандарды даярлауға бөлінетін көрінеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты