Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған Шу тұрғындары балаларының дәптері арқылы анықталды

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қала әкімдігімен бірлесіп, белгіленбеген жерге қоқыс тастаған тұрғындарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шу қаласында қоқысты белгіленбеген орындарда тастаған тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар банк чектері, түбіртіктектер, балаларына тиесілі дәптерлер, сондай-ақ, бейнебақылау камералар арқылы да анықталды.

Олар өз кінәсін толық мойындап, тастаған қоқыстарын жинап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. 

"Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау” бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды", - делінген полиция хабарламасында.

Ережені бұзу ескертуге немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, егер бір жыл ішінде қайта құқық бұзушылық қайта бұзылған жағдайда айыппұл 30 АЕК-ге дейін өседі. 

Айнұр Мұхади
Жұма, 24 Ақпан, 2023 17:05
Талқылау