Бекшин коронавирусқа қатысты жаңа болжам айтты
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, алматылық дәрігерлер екі аптада бір рет болжам жасайды. Бұған дейінгі болжам алдағы күндері жаңартылады.
"Эпидемиологиялық жағдай біз жоспарлағандай дамып келеді. Қыркүйектің басында шамамен 1300 жағдай тіркелуі тиіс еді, бүгін 1058 жағдай, кеше 1287 жағдай тіркеліп отыр", – дейді ол.
Қаланың бас санитар дәрігері балалардың оқуға оралуына байланысты ахуал өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
"Қыркүйек айында Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күніне 1 300-ден 500-600 жағдайға дейін азаяды деп болжап отырмыз. Қазанда мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдай тіркелуі мүмкін", - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ ол соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендегенін жеткізді. Бұған дейін тәулігіне 1 600 жағдай тіркелсе, қазір 1 200 - 1 300 шамасында.

"Бір күнде 150 мың теңге таптым": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
