Суға батып кеткен: Байқоңырда жоғалып кеткен екінші баланы іздеу әлі жалғасуда
Байқоңырда 8 жастағы Нұрали Оразбаевты іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жалғасуда. Әзірге нәтиже жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру жұмыстары екінші баланы табуға бағытталып отыр. Іздеу жұмыстары Байқоңыр қаласы тұрғындарын, авиациялық техниканы, сүңгуірлерді, еріктілерді тарта отырып жалғасуда", - деп хабарлады қалалық тергеу бөлімі.
Бұған дейін, сенбіде, 20 ақпанда сегіз жасар екі бала - Нұрәлі Оразбаев пен Ерхан Анас жоғалып кеткені хабарланған болатын. Таңғы сағат 10-30 шамасында олар балалар жаттығатын «Маяк» спорт кешенінен шығып, туыстарымен байланысқа шықпаған.
21 ақпанда Ерхан Анастың денесі Маяк спорт кешенінің артында ағып жатқан Сырдария өзенінен табылды.
Мамандар Сырдария өзенінен табылған баланың өлімінің себебін анықтады.
"Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі - суға батқан кезде тыныс алу жолдарының судың жабылуынан болатын механикалық асфиксия екенін анықтады, мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Анас Ерханға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері туралы дәлел жоқ", - делінген тергеу мәлімдемесінде.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
