Соңғы жаңалықтар

Байқоңырда жоғалып кеткен екі баланың біреуі өлі күйінде табылды

Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып кетіп, олардың бірі өлі күйінде табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Екінші баланы іздеу жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бір баланың денесі табылды. Мамандар сәйкестендіру жұмыстарымен айналысады. Екінші ұлды іздеу жалғасуда", - деп хабарлады ТЖМ.

Кейін төтенше жағдайлар департаменті Ерхан Анастың мәйіті жоғалған жерден 1,5 шақырым қашықтықтағы Сырдария өзенінен табылғанын хабарлады. Мәйітті Ресейдің құқық қорғау органдары тікұшақтан көрген деп хабарлайды.

Бұл ақпаратты Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов те растады. Ол өзінің Facebook парағында іздеу қалай жүргізіліп жатқандығы туралы жазбамен бөлісті. 



Естеріңізге сала кетейік, жеті жасар екі бала 20 ақпанда "Маяк" спорт кешеніндегі жаттығудан кейін жоғалып кетті. Ресейдің тергеу комитеті екі жас баланың белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары балаларды іздеуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр